[:kz]
Белгілі актриса Дариға Бадықова отандық жоба туралы бар шындықты айтты. Ол шоуды ұйымдастыру кезінде көптеген қателіктер болғанын жасырмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Еске сала кетсек, Жұбаныш Жексен мен Дариға Бадықова «Екі жұлдыз» жобасының финалына шыға алмады.
Осы кезде қазылар алқасынының қатарында отырған дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева шу шығарды.
Ол нәтижеге көңілі толмайтынын аңғартса, Дариға да шешіммен келіспейтіндігін білдірді.
Кейінірек желіде көптеген оқырмандар актрисаның әрекетін «дұрыс емес» деп айтып, жерден алып, жерге салды.
Осыған байланысты Бадықова Instagram-дағы парақшасында ой ойын ашып жазды.
Өнер иесі шындықты айтамын деп жексұрын болғанын жасырмады.
«Құдай куә! Кімнің көрерменіне болсада алғысымды айтқанмын… «Кешкі бесте келесіздер түнгі екіде кетесіздер, сіздердің еңбектеріңіз орасан, көп рақмет»-деп… Алғыс сөздерімнің бәрін қиып тастаған. Мен жобаның шындығын айтқанмын… Әңгімемді бұл жоба деп бастағанмын. Не үшін олай қиды? Өйткені жобаның арты ашылмау керек мағынасын өзгертіп қиып, монтаждапты. Браво! Монтаждың шебері екен!», — деді актриса.
Бадықова жобадан ертерек кетіп қалмағанына өкінетінін аңғартты.
«Басында кетемін бұл жобадан деп айқанмын. Кей қатысушылар сияқты кетіп қалуым керек еді. Ал егерде солай істегенімде, «звезда» болып кетіпсің деп, тағы айтар еді!», — деді ол.
Актриса дауыс беру кезіндегі кемшіліктерді де айтты.
«Бүкіл қазақ қауымы болып дауыс берілмейді ол жерде. Ол жерде халық қолдады дейтіндей халық жоқ, бүкіл ел-жұрт болып дауыс берген түгі жоқ, әділетсіз деп мен соны айтқым келген. Өз туыстарыңды, достарыңды шақырыңдар деп, ұйымдастырушылар бізге ашықтан-ашық айтатын. Сосын сансырап іздейсің!.. О бастан достарым таныстарым болмаған. Осы соңында Медицина университетінен үш қыз келіпті. Менің Астанада бір де бір туысым, иә танысым жоқ. Мен бұны да айттым. Оныда қиып тастаған…» — деді Бадықова.
Дариға «тұзы жеңіл екенін» тілге тиек етті.
«Өзімнің тұзым жеңіл негізі. «Маска» киіп алып тыныш отыра берсем болады кей адамдар сияқты. Мейлі «масканы» да өмір үйретер! Сол жерде кей адамдар Дариға дұрыс айттың деп те жатты. Шындық айтқан адам кімге ұнапты. Сол бастықтан қорқып үндемей ғана жүре берейікші дейтіндер көп. Шындық айтсаң көкбет деген атақ беріп қояды. ⠀ Не де болса, аққа Құдай жақ», — деді актриса.
Ол сөздері қиылғандықтан, ел арасында үлкен түсінбеушілік орын алғанын жасырмады.
«Әміре мен Севданы көре алмаған түгім жоқ. Мысалы деп бастаған жерім бар еді, оныда қиып тастапты. Рейтинг үшін не істемейді. Хайп! Хайптың мағынасыда жаман. Өтірік- деген сөз. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дейтін адаммын. Барлық жерде ұнамаған нәрсе болса, әділетсіздік болса айтуға қорыққан емеспін. Маған жабылып, кінәлап жатқан құрметті көрермен. Бұл — монтаж! Әлі де түсінбей кінәлар болсаңыз, ерік сізде. Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Тек ақты ақ деп айту үшін жаздым бұл постты», — деп сөзін қорытындылады Дариға Бадықова.
[:]