[:kz]
АҚШ-тың Канзас штатында 5 жасар қыз мектептен үйіне дене жарақаттарымен келген. Кішкентай бүлдіршін оны ұрып-соққан қатал мұғалімі үшін енді сабаққа барғысы келмейтінін айтқан деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Шони қаласының тұрғыны 5 жасар қызын соққыға жыққан мұғаліммен жүздесуге барғанда, ол балақайдың кітап қоятын сөреге шығып, сол жерде жарақаттанып қалғанын айтқан.
Қыздың анасы сабасына келгенімен, кітапханада камералардың барын және ондағы бейнежазбаны көруге болатынын біліп қойған.
Кадрда бейнеленген іс әрекеттер әйелді есеңгіретіп тастады. Мұғалім қызды сөреден жұлып алып, жерге құлаған баланы аяғымен тепкен.
Анықталғандай, мұғалім жұмыстан шығарылған. Дегенмен қыздың анасы мұндай мұғалімді заңды түрде жазалау керек екенін алға тартты.
[:]