АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мұғалім 6 жасар бүлдіршінді жол апатынан құтқарып, өзі өліп кетті[:]

[:kz]

Оқиға Ирландияның Данглоу қаласында болды. 30 жастағы әйел оқиға орнынд мерт болды.

Екі баланың анасы Дон Кроук мектеп мұғалімі. Ол бұрын сұлулық байқауының жеңімпазы атанған. Серіктесі Пэдди Макхьюмен және оның 6 жасар қызымен мектеп аумағында еді. 6 жасар қыздың өмірін құтқарып қалды.

Ол джип басып кете жаздаған жолдан қызды тұраққа итеріп үлгерді. Бірақ көлік астында өзі қалып қойды. Мұғалім сол жерде жан тәсілім етті. Ал, бүлдіршінді ауруханаға жеткізді. Баланың бел сүйегі мен өкшесі шығып кеткен. Қыздың өміріне қауіп жоқ. Дәрігерлер оның толық емделетініне сенімді.

Дон мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берді. Оның әкесі де мұғалім болып жұмыс істеді. Оқу орны мұғалімге құрмет ретінде екі күн жұмысын тоқтатты. Полиция апаттың қалай болғанын тергеуде.

“Оны оқушылар да, мұғалімдер де жақсы көруші еді. Оның мезгілсіз өлімі басымызға жай түсіргендей болды”, – дейді әріптестері.

stan.kz

[:]