[:kz]
11-сынып оқушысының анасы сотқа арыз түсіріп, оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.
Өзбекстанда 11 сынып оқушысының анасы жергілікті полицияға шағым түсірді. Онда ана ер жеткен ұлын мектеп директоры сабаққа кешіккені үшін ұрып, құлағын естімейтін етіп тастады деп айыптаған.
Бұл жағдай Сұрқандария облысының Жарқорған ауданында №4 мектепте болған, деп жазды gazeta.uz.
Қазір баланың анасы жазған арыз бойынша жергілікті прокуратура істі тергеп, сотқа дейінгі жұмыстарды жүргізуді қолға алған.
kyn.kz
[:]