[:kz]
Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандық студентке мұғалімді пышақтағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төрт жыл бас бостандығынан айырылған Жасұлан Құдайбергенов қылмысының өтеуін жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізеді. Мәскеу сотында студенттің құқығын қорғауға ата-анасы мәскеулік адвокатты жалдаған.
Тергеу жұмыстары тоғыз айға созылды. Осы уақыт аралығында жас жігіт қамауда ұстау жағдайына шағымданған жоқ. Сондай-ақ, қазақстандық дипломаттармен кездесуден бас тартқан.
Айта кетейік, төтенше жағдай өткен жылдың маусым айының соңында орын алған. Бауман атындағы университеттің бұрынғы аспиранты жас оқытушыға шабуыл жасаған. ЖОО-ның дәретханасында қазақстандық студент мұғалімнің арқасына және ішіне пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Белгілі болғандай, студент бұл әркетке өзіне қойылған төмен баға үшін барғанын айтқан.
[:]