АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Мұхамеджан Тазабек:»Жұрттың бәрі жалмауыз, кісінің бәрі қылмыскер боп кеткен, жақсы ойы бар адам қалған жоқ, қазір» Толығырақ: https://alashainasy.kz/instaalash/muhamedjan-tazabekjurttyin-bar-jalmauyiz-ksnn-bar-kyilmyisker-bop-ketken-jaksyi-128088/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі[:kz]Мұхамеджан Тазабек:»Жұрттың бәрі жалмауыз, кісінің бәрі қылмыскер боп кеткен, жақсы ойы бар адам қалған жоқ, қазір»[:en]Мұхамеджан Тазабек:»Жұрттың бәрі жалмауыз, кісінің бәрі қылмыскер боп кеткен, жақсы ойы бар адам қалған жоқ, қазір» Толығырақ: https://alashainasy.kz/instaalash/muhamedjan-tazabekjurttyin-bar-jalmauyiz-ksnn-bar-kyilmyisker-bop-ketken-jaksyi-128088/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі[:]

[:kz]

Таксист інім бар. Түнде таксовать етеді. Сол айтады: «аға, қазір жақсы адам қалған жоқ. Жұрттың бәрі жалмауыз, кісінің бәрі қылмыскер боп кеткен, жақсы ойы бар адам қалған жоқ, қазір» деп. Себебі, түнде жүреді. Түнде суыт жүрген адамдарды тасиды…

Ыңғай сондайлармен кезіккесін, дүниенің дидары қап-қара боп, пенденің бәрі қара ниетті көрінеді. Құранда «түнде кесір бар» деп бекер айтылмаған…

Қылмыстың да көбі түнде жасалады…
⠀Расында, өмірге деген, адамдарға деген көзқарасың кіммен жүргеніңе, қайда жүргеніңе қатты байланысты…


Сәулелі адаммен жолдас болсаң, жанашыр ортада жүрсең, айналаң жап-жарық, жұрттың көбі мейірімді боп көрінеді…

⠀Пиғылы бұзық, сөзі суық пенделермен сұхбаттасып, түсініксіз орта, кісіліксіз дастархандарда жүрсең, жұрттың бәрі ашулы, елдің бәрі қаскүнем секілді сезіледі…

⠀»Кісі жолдасының дінінде» дейді хадисте…
Расында, оң-солымызға қарап, кіммен жолдас боп жүрміз, не тыңдап, нені қызықтаймыз, соған көп мән беру — маңызды шаруа.

«Менің ойым» деп айтып жүргеніміз, біз арқалап жүрген біреудің пікірі шығар? Жүректің түбіндегі түйсікті тыңдамай, қарша бораған көбік ақпараттың жетегінде кетіп бара жатқан жоқпыз ба?! 

[:]