АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Мұхамеджанның сәлафизм вирусынан толықтай айығу үшін кемінде 3 жыл қажет» — теолог[:]

[:kz]

 

 

Сараптама бойынша 2 ай теріс ағымда жүрген адам көзсіз жанкешті саналады. Ал 20 жыл сол ағымда жүріп, оны барынша насихаттай отыра бір күнде «бәрін түсініп кері қайттым» дегені бос әңгіме.

Айтыскер ақын әрі «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабековтің күтпеген жерден өзінің жиырма жыл бойы ұстанған сәлафилік ұстанымынан бас тартуына қатысты жұрттың пікірі әлі де екіге жарылып тұр. Бір тобы Тазабековтің бұл тірлігін ерлікке балап, қолдау білдіріп жатса, екінші тобы оның бұл қадамының астарында саяси астар жатыр деп біледі. 

Сол секілді бұл мәселеге теолог-мамандар да өз пікірлерін білдіріп жатыр. Мәселе, белгілі теолог-маман Серік Ергөбековтің  айтуынша, бұл бірден ымыраға келіп, кешіре салатын іс емес. Арнайы мекемелер мен органдардың толықтай сараптамасынан өтуі тиіс, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Мұхамеджан Тазабектің санасын сауықтыру жұмыстары жүргізілсін!»

Теріс ағымды ұстанып, оны барынша басымдықпен насихаттауға күш салып, жан-жағына теріс пікірді топ құрап, елімізде тиым салынған діни ағымды насихаттағаны, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа жасаған шабуылы үшін, митингтерде сәләфилік қатыгез тактиканы үгіттегені үшін, Дарын сияқты дінбұзарларды тықпалағаны үшін заң алдында жауапқа тартылсын.
Конституция, заң адамның бәріне бірдей, ол талданбайды. Мұндайда байқамай қалыппын деп айта салу, шатасыппын деген мүсәпірлік жүрмейді. Бұл — ымыраға келетін, кешіріммен қарайтын бұзақылық іс емес.

Экстремистік насихат, ұлт аралық дүрдараздық, қатыгездікті насихаттау, терісағымды топ құру, діни сенім, нанымға қарсы жүргізген астыртын әрекеттерді әшкерелеу бабына сай қаралуы тиіс!», деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Маманнның айтуынша, Тазабековке қатысты бір ғана Діни басқарманың пікірі аздық етеді. Іс сотта қаралып, үкімді солар шығаруы керек.

«Мұндайда тәубе қылды, көзі жақсы, сөзі жақсы еді, әкесі жақсы адам деген пікірлер заң алдында жауапкершіліктен құтқармайды. ҚМДБ пікірі мемлекеттік емес бір ғана бірлестіктің білдірген оң пікірі ретінде ғана қаралады. 

Бейімдеу жұмысын жүргізген Мүфтиге мың алғыс! Алайда Мұхамеджан діни ұстанымы мен әрекетіне жауапты. Іс сотта қаралып, үкімді солар шығаруы керек.

Оң қорытынды алғанның өзінде оның сенімдері мен амалын түзетіп, терісағымдық сенімінен толыққанды айығуы үшін кемінде 3 жыл қажет.

Одан бөлек апта сайын оңалту жұмыстарына қатысуы, теологтар мен ҰҚК-нің оң қорытындысына ие болуы шарт. 

Сараптама бойынша 2 ай теріс ағымда жүрген адам көзсіз жанкешті саналады. Ал 20 жыл сол ағымда жүріп, оны барынша насихаттай отыра бір күнде «бәрін түсініп кері қайттым» дегені бос әңгіме.

Оңалту мен тексеріс жұмыстарынан кейін ғана ел алдына шығып сөйлеуіне рұқсат етіледі. Бұл жігітке қысастығым жоқ. Алайда дәл қазір сақал-мұртын алып тастап, айтысқа қайта келдім деп әуендетіп, қаражорға билеп шықса да айтарым осы», — деп атап өткен жазба авторы.

 

[:]