[:kz]
«КешYOU» тобының бұрынғы мүшесі Жұлдыз Өмірғали бүгінде әзілкеш Аманғали Сыпабековпен жұп болып, «Егіз лебіз» жобасына қатысып жатыр. Әншінің жанкүйерлері оған барынша қолдау білдіріп, жеңіс тілеуде.
Алайда, әртістің өнер көрсетуіне көңілі толмаған желі қолданушылары оның даусы жоқ екенін айтып, сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Музыкалық жобаның кезекті бөлімінде Жұлдыз Өмірғали мен Аманғали Сыпабеков «Senorita» әнін шырқады. Жұлдыздың шығармашылығын сүйіп тыңдайтын адал жанкүйерлері Instagram желісінде оның даусы мен ерекше образдарына тәнті екендерін жарыса жазуда. Олар сүйікті әншілеріне жобада топ жарып, жеңіске жетуін тіледі. «Сіздің өнер көрсетуіңіз бүгін өте мықты болды.
Мен ойланбастан өз даусымды сізге бердім
» , «Жұлдыз жарайсың. Керемет ән орындау» , «Жеңіс тілейміз» , «Фигураңыз мықты екен. Әнді де шеберше орындайсыз» , «Сізге күлген жарасады» , «Жеңіс сіздердікі», «Сіздерге соңына дейін қолдау білдіремін» , — деп жазды көпшілік. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР «Быт-шытыңды шығарам»: Ерке Есмахан мен Мейіржан Төребаев желіде сөзге келіп қалды Алайда, аталмыш өнер көрсетуге көңілі толмаған жұртшылық Жұлдызды сынап үлгерді. Олар Айқынның жарының мүлде даусы жоқ деп есептейді. «Сізбен салыстыратын болсақ, караокедегі адамдар анағұрлым жақсы ән айтады» , «Даусыңыз да жоқ, не үшін жобаға қатысып жатырсыз?» , «Даусы жоқ Жұлдыз» , «Шынымен даусы жоқ екен. Өте әлсіз өнер көрсету болды» , — деп пікір білдірді олар.
[:]