АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Мүлдем араласпаймыз»: Сиви Махмуди экс-күйеуі жайлы айтты[:]

[:kz]

 

10 жыл отасқан күйеуімен ажырасқан Сиви Махмуди экс-жарымен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты. Сөзінше, бүгінде ол балаларының әкесімен мүлдем араласпайды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балаларының әкесін сұраған жандарға Сиви:

«Білмедім, мүлдем араласпаймыз, сөйлеспегелі өте көп болды, шыны керек. Кеткен адам өміріңнен түбегейлі кету керек. Басында кездесіп, сөйлесіп тұратынбыз. Бірақ ол дұрыс емес екенін түсіндім», — деп жауап берді. 

Сондай-ақ, өнер иесі отбасын өз еркімен бұзғанын атап өтті. 

«Мені ешкім тастап кеткен жоқ. Өзімнің қалауым болды», — деді ол.

Желі қолданушылары екеуінің ажырасуына қызғаныш себеп болды деп болжады. Осы ретте Махмуди болашақ жұбайының қызғаншақ болғанын қаламайтынын жеткізді. 

«Өткен шақты қайтеміз қозғап. Болашақ жолдасымның қызғаншақ болғанын қаламаймын», — деді ол.

 

[:]