АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мұндай мүмкіндікті кім беріп отыр?»: Мұхтар Тайжан мемлекеттік органдарда уағыз айтқан Тазабекке шүйлікті[:]

[:kz]

Белгілі кәсіпкері Мұхтар Тайжан мемлекеттік органдарда уағыз айтқан «Асыл арна» телерадиокомпаниясының директоры Мұхамеджан Тазабекті сынға алды. Кәсіпкердің пікірінше, мемлекет дін мәселелеріне, дін мемлекет мәселелеріне араласпауы керек. Біздің мақсат — зайырлы мемлекетті сақтап қалу, дейді ол, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Зайырлы, демократиялық мемлекет дененіміз не? Үкімет дінге араласпау керек, рас. Бірақ дін де мемлекет мәселелеріне араласпау керек қой! Біздің мемлекетімізде идеологиялық жұмыс болмағандықтан, идеология саласында да бейберекет болып тұр», — деп сөзін бастады Тайжан Facebook желісінде.

Кәсіпкердің бұл мәселе тұрғысында сөз қозғауына «Асыл арна» телерадиокомпаниясының директоры Мұхамеджан Тазабектің мемлекеттік органдарда уағыз айтуы себеп болған. 

«Мысалы, «Асыл арнаның» жетекішісі Мұхамеджан Тазабек неге мемлекеттік органдарға барып, полицияға, әскерлерге, мектептерде және ЖОО-ларда уағыз айтып жүр? Оған мұндай мүмкіндікті кім беріп отыр? Неге ол полицияны бейбіт митингіге шыққан халыққа қарсы айдап салуда? Оған бұндай құқық оған кім берді? Мұндай әрекетті нағыз арандатушылық деп білемін. Полиция бейбіт шеруге шыққан халыққа күш жұмсамау керек. Бейбіт митинг, шеруді өткізу — ол халықтың конституциялық құқығы», — дейді ол.

Мұхтар Тайжан діншілдер саясатқа араласатын болса, түбі Қазақстанды халифатқа айналдыруы мүмкін деген пікірде. Нәтижесінде Сауд Арабиясы, Ауғанстан, Сирия секілді елдерге айналамыз, дейді.

«Бұған дайынсыңдар ма? Түбі сөзсіз өте қанды соғыз болады. Бізге шариғат әлде демократия керек пе? Таңдау жасауымыз қажет, себебі бұл бір біріне 100% қарама-қайшы құбылыстар.

Бүгінгі күндерді репрессия дейміз, ал сол кезде қанды террор басталады. Адамдардың бастары мен қолдарын шабу, әйелдерді таспен өлтіру, тб. Өйткені халифат шариғат заңымен өмір сүреді. Еліміз өте қараңғы елге айналады», — деп қауіптенген кәсіпкер зайырлы мемлекетті сақтап қалғанымыз дұрыс екенін айтады.

Сондай-ақ, ол мемлекет дін мәселелеріне, дін мемлекет мәселелеріне араласпау керек екенін айтты.

«Мемлекет дін мәселелеріне, дін — мемлекет мәселелеріне араласпау керек. Дін — адамның жеке шаруасы, құқы. Зайырлы мемлекетіміз деген осы. Алашорда қайраткерлері зайырлы мемлекетке зар болды. Біз де осындай ұстанымда қалуымыз керек», — деп түйіндеді Мұхтар Тайжан.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Мұхамеджан Тазабектің полицейлермен кездесуі кезінде түсірілген видеосы жұртты шулатқан болатын. Артынша белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтыскер ақынға шүйлікті. Оны сарай сауысқанына теңеп, жастарға уағыз оқымағаны жөн екенін айтты.

Алайда «Асыл арна» телерадиокомпаниясының бас директоры монтаж салдарынан арада осындай түсінбестік туып отырғанын айтты. Тіпті, монтаждалмаған видеоны ұсынған азаматтарға астындағы мінген атын беруге дайын екенін жеткізді.

 Stan.kz

[:]