АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мұндай реакцияны күткен жоқпын»: Арбатта диджей болған әжей бір-ақ күнде жұлдыз болды[:]

[:kz]

Алматыдағы Арбат алаңында жиналған дүйім жұрттың көңілін әуенмен көтерген диджей әжей небәрі бірнеше сағатта жұлдызға айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Күні кеше Instagram желісіндегі парақшалар мен әлеуметтік топтарда әжейдің видеосы тарап кетті. Қария алаңда тұрып, жиналған жұртқа ырғақты әуендерді қосып, көпшілікті таңдай қақтырған еді.

Халық өте көңілді, жастарға дес бермейтін әжейге қызыға қарады.

Бірнеше сағаттан кейін Instagram-да әжейдің Aka.kempir атауымен жеке парақшасы ашылды. Ол небәрі 4 сағатта 200 мыңға жуық оқырманды жинап үлгерген.

Анықталғандай, диджей апаның жасы 65-те болып шықты. Айтуынша, ол жүрегі музыка деп соғатын еліміздегі ең қарт диджей екен.

Сондай-ақ, кешке қарай әжей өзін қолдап, Арбатқа келген барша жұртқа алғысын білдірді.

«Барлық сөздеріңіз бен тілектеріңізге рақмет! Арбатқа келіп, мені қолдағандарыңызға рақмет! Мен музыканы жақсы көремін. Мұндай реакцияны күткен жоқпын. Енді тіптен тоқтамаймын», — дейді ол.

 
 
 

[:]