АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мұрны мен тісін сындырды: Қостанайда Lexus жүргізушісі қарияны ұрып тастады (видео)[:]

[:kz]

Қостанайда Lexus көлігін тізгіндеген жүргізуші қарияны ұрып тастады. Салдарынан зейнеткердің мұрны мен тісі сынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алау» порталына сілтеме жасап. 

Оқиға 23 қазанда орын алған. 69 жастағы Анатолий Шевцов көлігінен тіркемені ажырату үшін гараж маңына тоқтаған. Ол көшелердің біріндегі жолды жауып қалыпты.

Осы кезде сол көшемен жол талғамайтын көлік келе жатады. Оның жүргізушісі жолдың бос бөлігімен ВАЗ-ды айналып өтіп, артынша көлігінен атып шығып, зейнеткерге беттепті. Кенет ол қарияның бетінен ұрып жіберген. Өз кезегінде Анатолий де оған қарымта бермек болған. Алайда ер адам оны тағы бірнеше рет ұрып жіберіпті. Мұнан кейін ер адам көлігіне отырып, кетіп қалыпты.

Жәбірленуші салдарынан мұрны мен тісі сынғанын айтып отыр.

Хабарланғандай, Анатолий оқиғадан кейін полицияға арызданған. Алайда оны ұрған азамат әлі табылмапты.

 Stan.kz

[:]