АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мұрынбоқ болып келген»: Шиелідегі мектеп директоры мен мұғалімдердің ұрысы видеоға түсіп қалған[:]

[:kz]

 

Қызылорда облысы Шиелі ауданының мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды. Бұл туралы желі белсендісі Ардақ Қазақбайқызы Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Кадрда аудандық мектеп директоры мұғалімдерді сынап, олардың мектепке қалай келгендерін еске салды.

 
«Аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасымен бірге мәселені қарастырып жатыр. Тиісті зерделеу жүргізіліп, мәселе анықталған соң басшы мен тиісті қызметкерлер іс-әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады», — делінген хабарламада.

Видео авторы Ардақ Қазақбайқызы директордың осы орында 10 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқанын жазған.

«Бұл сұмдық тиран директорға 10 жылдан бері төзіп келе жатқан мұғалімдерге медаль тағу керек шығар», — дейді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]