[:kz]
13 сәуір күні қасиетті Рамазан айы басталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Рамазан айында намаз бен ауызашар кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуінде айтылды.
Назар аударыңыз, 2021 жылы Рамазан 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.
«Біз жұқпалы ауруларды тек оқшаулау мен алдын-алу арқылы жеңуге болатындығын айқын түсіндік. Сонымен бірге мен сіздерді намаз мен ауызашар кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Денсаулық — бұл Алланың адамзатқа берген баға жетпес сыйы және аманаты. Пандемия кезінде өте сақ болыңыз, адамдар көп жиналатын жерге бармаңыз, ораза кезінде дұрыс тамақтаныңыз, жұмыс кестеңізді мүмкіндігінше реттеңіз және денсаулығыңызға мұқият болыңыз», — делінген хабарламада.
Бас мүфти 60-тан асқан мұсылмандарды ораза алдында медициналық тексеруден өтіп, тиісті дәрігерлерден кеңес сұрауға шақырды.
«Біз қарттар мен кәмелетке толмағандардан жағдай тұрақталғанға дейін мешіттерге барудан аулақ болуды және үйде намаз оқуды сұраймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында онлайн-уағыздар, сұрақ-жауап бөлімі жұмысын жалғастырады. Сіз өзіңіздің сұрақтарыңызға интернет арқылы жауап ала аласыз, онлайн уағыздар тыңдай аласыз және үйіңізден шықпай-ақ ізгі істерге қатыса аласыз. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз тағы бір рет пітір-садақа мен зекетті онлайн режимінде ұсынудың ең жақсы әдісін ұсынамыз. Бұл із өткен жылы да жүзеге асырған жоба», — деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Рамазан айында діни басқарма санитарлық талаптарды сақтай отырып, қайырымдылық шараларын үнемі өткізіп отырады.
[:]