АЛТЫНОРДА
Новости мира

[:kz]Мьянма халқы әскерлердің билікті басып алуына қарсы шықты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

 

 

Билік әскер басшысы, 64 жастағы Мин Аунг Хлайнның қолына өтті. Ал ел парламентінің ондаған өкілі мен көшбасшылары, сондай-ақ Мьянма президенті қамауға алынды.

Мьянманың Янгон қаласында халықтың жаппай ереуілі басылмай тұр. Жұртты ашуландырған әскерилердің ісі. Адамдар армияның билікті басып алуына қарсы шықты, деп хабарлайды 24.kz

Елдегі төңкерістерден жергілікті билік әлеуметтік желілерді блоктап тастағанымен наразылық акцияға мыңдаған адам жиналған. Халық «Демократия үшін ұлттық лига» партиясының көшбасшыларын бостандыққа шығаруды талап етіп, елдегі әскери төңкеріске қарсылық білдірді.

 Естеріңізге салайық, Мьянма әскері 1 ақпан күні билікті басып алып, әскери төңкеріс жасады. Билік әскер басшысы, 64 жастағы Мин Аунг Хлайнның қолына өтті. Ал ел парламентінің ондаған өкілі мен көшбасшылары, сондай-ақ Мьянма президенті қамауға алынды.

[:]