[:kz]
Гүлхан Бекбауова таяуда оған жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, бұзақылық жасағаны үшін 23 мың теңге ғана айыппұл салынғанын айтты…
Facebook желісінде Zhana Kazahstan лақап атты желі қолданушы таяуда ғана Шымкентте жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, өрескел қылық танытқан Әлімқожа Ахраров атты қарияның тағы бір жол ережесін қасақана бұзған видеосын жариялады, деп жазды paryz.kz.
«Мына шал тіпті арсыз екен. Қандай да бір бандит сияқты», — дейді жазба авторы.
Видео қара күзде түсірілгенге ұқсайды. Қарасаңыз, «джиптің» рөліндегі атышулы қария тас жолдың бойында олай да былай ойқастап, өзге автокөліктің жүрісіне кедергі келтіріп жүр. Оны көрген Талғат Мұқаш атты азамат:
«Мынаның тамыр-танысы көп болып тұр-ау! Нағыз жемқор, алаяқ жергілікті заң орындары адамдарымен қатты қарым-қатынаста екені көрініп тұр!» — деп ашуланды.
Ал Тілекберген Мұхитхан деген желі қолданушы:
«Шымкенттің қазақтары, қайдасыңдар? Мына қақпасқа шамаларың жетпей ме? Әлде өз қазақтарыңа ғана әлдерің жете ме?» — деп қиқар қарияның өзге ұлт өкілі екенін меңзеген.
Сондай-ақ, Гүлхан Бекбауова таяуда оған жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, бұзақылық жасағаны үшін 23 мың теңге ғана айыппұл салынғанын айтты.
«Күлкілі емес пе? Намыс қайда? Ақшаға сатылып, қазақ деген атқа боқ жағып жүре бересіздер ме? Жоғары лауазымдыларға айтам. Халыққа салсаңдар, бір түнде үйін талқандайды», — дейді ол.
Бұдан бөлек, «Мына шал құтырып барады. Орнына қою керек», «Тағы сол түкке тұрғысыз шал ма? Оны есекке мінгізген дұрыс» деген сынды ызалы пікірлер легі толассыз.
[:]