АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мынадай сарайда оқудың өзі балаға арман»: Шымкентте тойханалар мен моншалар мектеп ғимаратына айналды[:]

[:kz]

 

Шымкентте оқушылардың бірі бұрынғы моншада, ал енді бірі тойхана ғимаратында дәріс алады. Нұрсәт-1 шағын ауданындағы жалғыз мемлекеттік мектепке сыймаған балалар осылай оқуға мәжбүр. Өзі 1200 шәкіртке арналған оқу ордасына 4600-ден астам оқушы тіркеліпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Баласын бұрынғы монша мен тойхана ғимаратына жіберуге Шымкенттегі ата-аналардың кейбіреуі қарсы болса, ендібірі қолдайды.

Мектеп айналған монша ғимараты әкімдік қызметкерлернің айтуынша екі жылдан бері дайындалған. Оның үстіне мұнда тек бастауыш сынып оқушылары білім алатынын алға тартты. Бұл ретте 2 сыныптан жоғарылар қашықтан білім алатынын айтты.

Ал бірінші сыныптар үшін 8 кабинет аштық деген мектеп директоры ғимаратты аралатуды жөн көрмеген болар, арна тілшілерін кіреберістен жауап беріп, шығарып салған. 

«Жекеменшіктің өзінде біз арнайы ата-анадан ақша алмаймыз. Балалар тегін оқиды. 750 бала оқиды», — деді жеке меншік мектеп директоры Райхан Темірәлиева. 

Ал тойхананы мектепке айналдырды деп айыптағандар алдымен ғимаратты аралап көрсін дейді нысан иесі. Өйткені бәрі қайтадан жабдықталған. Қазір бір ауысымда 350 бала білім алады, дейді кәсіпкер. Құзырлы органдар да тиісті талапқа сай деген қорытынды беріпті.

«Бұл жердегі жағдай кез келген мектептен жақсы. Мынадай жағдайда, өзіміз қандай мектепте оқығанымызды білеміз, қазір қандай жерде оқып жүргенін де көріп жүрсіздер. Қазір мынадай сарайда оқудың өзі балаға арман. Жақсы жерде сабақ оқыған керемет», — дейді жеке меншік мектептің құрылтайшысы Есбол Қамбаров.

Жеке нысанды мектепке айналдыруды Нұрсәт-1 шағын ауданындағы жалғыз мемлекеттік мектептің басшылығы да қолдайды. Айтуларынша, осындай жекеменшік мектептер болмағанда 4 ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр болар еді. 

«4600-ден астам оқушы қазіргі таңда білім алуға біздің мектебімізге тіркеліп тұр. Бірінші сыныптың өзіне 450-ден астам оқушы келді. Яғни ол 18 сыныпты құрады», — деді №80 ІТ мектеп-лицейінің директоры Сәуле Қалыбекова.

Ал білім басқармасындағылар бір сыныпта 40 баланы оқытқаннан гөрі осы дұрыс деп отыр. 

«Ол мүмкін бұрын тойхана немесе монша болған шығар. Бірақ бүгінде оны мектеп ғимаратына беру үшін арнайы заң талаптарын құжаттырының, ғимараттың сәйкестігі қатаң қадағаланады. Ол екі ғимараттың арнайы білім беруге рұқсат берген лицензиясы бар», — деді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Басшының айтуынша, жеке нысандарға осындай құқық беретін құжатты білім сапасын бақылау департаменті тапсырған. Оған қажетті құзырлы органдардың мамандары талдау, тексеру жүргізіп, талаптарға сай келгені үшін рұқсат етілген деп отыр.

[:]