АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Надан екенсің»: Әбдіжаппар Әлқожа өзіне жазылған теріс пікірден соң жылап жіберген[:]

[:kz]

Осыдан біраз уақыт бұрын қожалар жайлы айтып, басы дауға қалған Әбдіжаппар Әлқожа өзіне теріс пікір жазушылардың сөзінен кейін жылап қалғанын мойындады деп жазады «7» арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасына сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ.

 

Әншінің айтуынша, ол парақшасына түрлі пікір жазатын тыңдармандарының парақшасына кіріп, қарап шығады екен.»Хейтердің парақшасына кіріп қалсаң, үнемі құлыптаулы тұрады. Не болмаса суреті жоқ. Есімі де дұрыс емес. Өзгелерге жазған пікірі де осындай. Жазған пікір жазғандардың барлығын хейтер дей алмаймын.

Парақшасына кіріп қалсаң, 30-50 жастағы ер-әйел адамдар. Олар өзінің ойын жазады. Бірақ соны түзетуге тырысамыз. «Надан екенсің» деген сөз қатты өтіп кетті. Сол сөзді естіген кезде, жылап жібердім. Мейлі ол дұрыс түсінбеген шығар, мен дұрыс емес шығармын. Бірақ ол сөз адам үшін ең ауыр сөз. Балағат сөз жазса, жаза берсін. Адамның парқын, парасатын білдіреді. Ал надансың деген сөзді маған көтеру қиын болды», — деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Естеріңізге сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа сұқбат барысында қожалар туралы байтып, елдің сынына ұшыраған болатын. Оған қоса, белгілі заңгер әншіні айтқан сөздері үшін жауапқа тарту керектігін алға тартқан.

Ел арасында қызу талқыланып, үлкен дауға ұласқан мәселеге қатысты өз пікірін Әбдіжаппар Әлқожа видео үндеу арқылы жеткізбек болған. Өнер иесі өз әрекетін түсіндіріп, шын мәнінде не айтқысы келгенімен бөлісті.

Сонымен қатар, отандық жұлдыздан сұқбат алған журналист Анна Данченко да елден оңбай сөз естіп жатқанын мәлімдеген еді.

[:]