[:kz]
Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат ұлы Арсенді туған күнімен құттықтап, желіде жантебірентерлік жазба қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ. Айта кетелік, танымал бизнес өкілі ретінде қалыптасқан Ляйсира Марат бүгінде қалыпты тіршілік кешіп жатыр.
Ол әлеуметтік желіде бизнес туралы түрлі идеяларымен бөлісіп, өзінің салауатты өмір салтын ұстанатыны туралы жиі жазып тұрады. Жақында ол ұлы Арсенді туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Сен сағат таңғы бесте өмірге келдің. Терезе сыртында құстар ән салып тұрды. Еңселі, мықты, әдемі еркек! Сені туған күніңмен құттықтаймын! Өміріңді арманмен, қуанышпен, табыспен, энергиямен толтыр! Мақсатқа жетер жолда төзімді бол, өміріңдегі әрбір бөлімге жүрегіңдегі махаббатты арна. Сенің қасыңда үнемі саған қолдау көрсететін, саған демеу болатын адамдар барын ұмытпа! Бақытты бол, Ұлым! Махаббатпен, Анаң», — деп жазды Ляйсира.
Айта кетелік, Ляйсира Марат екі баланың анасы. Ол үлкен қызымен және ұлымен түскен суреттерін жиі жариялай бермесе де, оларға бақыт тілеген жазбаларын арагідік желіге салып тұрады. Ляйсира Марат еліміздегі ірі кәсіпкер әйелдердің бірі. Ол жақында өзінің арнайы клиникасын ашып, көптеген адамның жұмыспен қамтылуына себепкер болған еді.
[:]