[:kz]
Қазақ кино саласының жұлдызы Асылхан Төлепов Мәскеуге барып, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездескен. Көрші ел астанасына саясаткердің шақыртуымен барған өнер иесі оған қатысты ойын ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Отандық жұлдыз Instagram парақшасына Иманғали Тасмағамбетовпен қауышқан сәтінен фото жүктеп, көпке сыйлы саясаткерге деген жылы лебізін білдірді.
Төлепов Қазақстанның Ресейдегі елшілігін тізгіндеп жүрген отандасын жер-көкке сыйғызбай мақтады.
«Қазақ елінің қонақжайлығын, дархан мінезін, тектілігін дәріптеп жүрген тұлға, еліміздің нағыз патриоты, жанашыры — Иманғали ағам. Ресейдің астанасы Сіз барда бізге ыстық болды. Шақыртуыңызға, риясыз көңіліңізге рахмет! Әр қазақтың “мен” деген жігіті сіздей болсын» , — деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін желіде Асылхан Төлеповті «атып жатқан» сәтінің видеосы тарап кеткенін жазған болатынбыз. Анықталғандай, ғаламтор кеңістігінде шу тудырған бейнежазба кезекті фильмнің түсірілімі кезінде жасалған.
Оған қоса, Төлеповтың әйгілі Макгрегорға пародиясы желіде хит болды.
[:]