[:kz]
Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі Абай Бисембаев қызметінен босатылды. Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
«Абай Бисембаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасының көмекшісі қызметінен кетті» делінген хабарламада.
Orda.kz мәліметінше, мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Orda news» YouTube-арнасына берген сұхбатында қанды қаңтар кезінде Нұрсұлтан Назарбаевты Бисембаев құтқарды деп айтқан болатын.
– Экс-президент, Елбасының «Қаңтар оқиғасына» еш қатысы жоқ шығар. Ол үшін бұл нағыз шок болды. Барлық туысқандары Дубайға қашып кеткенде, ол Алматыдан ұшып келді.
Ол тіпті өзінің қауіпсіздік қызметіне де сенбеді, оны көмекшісі Абай Бисембаев өз чартерімен, өз жеке көлігімен Алматыдан алып кетті.
Сіз тіпті бұрынғы президенттің арнайы қызметтерге қатысты қандай дәрежеде сенімсіздік танытқанын елестете аласыз ба? Осы әуежайды экстремистер басып алмай тұрып, ол Астанаға ұшып үлгерді.
Бір ғана факт, бірақ бұл – нақты факт, экс-президент өзінің күзетіне де, мемлекеттік күзет қызметіне де, комитетке де сенбеді. Оны ҚР Президенті ісін басқарушы бірінші орынбасары Бисембаев құтқарып қалды. Ол өз көлігімен президентті алып кетті. Бұл – үлкен трагедия. Мен мұндайды өз басымнан өткізгім келмейді, – деді Сарым.
”Адырна” ұлттық порталы
[:]