[:kz]
Динара Сәтжан экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алуды армандайтынын айтты. Қазақстанды құрған тұлға екенін Дана Орманбаеваға берген сұхбатында тілге тиек етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Назарбаев — харизмалы саясаткер. Ол Қазақстан үшін үлкен еңбек сіңірді. Ең біріншіден, мен ол кісіге Астана үшін алғыс білдірер едім. Өйткені мен мансабымды осы қалада құрдым. Бұл қала расымен де оның «баласы» іспетті», — дейді Сәтжан.
«Мен және Рахым Ошақбаев екеуміз ғана қолдадық. Сол кезде: «Егер қала тұрғызсам, мен де оған өз атымды берер едім», деп қалжыңдап айттым.
Әлі күнге дейін ол кісіден сұхбат алуды армандаймын. Өйткені ол Қазақстанды құрған адам. Ол кісіге, оның отбасына сұрақ көп», — дейді ол.
«Қаңтар оқиғаларынан кейін болып жатқан оқиғаларға қарасақ, өзгеріс көп. Біз 30 жыл ішінде президенттің қызы парламент мүшесі, Forbes-тің алғашқы бестігінде тек сол әулеттің адамдары екеніне үйреніп қалғанбыз. Ол біз үшін қалыпты болып қалған. Ал енді активтердің қайтарылып жатқанын, жаңа президентіміздің «Жаңа Қазақстан» үшін күресіп жатқанын көріп отырмыз. Енді президенттің туыстары жоғары қызметке отыра алмайды. Ол маған шабыт сыйлады.
Елордада расымен де талантты, талапты адамдардың бар екенін көремін. Бірақ олар лайықты қызметке отыра алмайтын. Өйткені сенатордың ұлы ер жетіп, әкесі оны жүйеге кіргізіп үлгерген. Ондай хикаялар өте көп. Қазір ол жүйе бұзылуда. Егер сен талантты, білімді болсаң, «Жаңа Қазақстанда» өсуіңе мүмкіндік бар деп ойлаймын», — дейді Динара Сәтжан.
“Адырна” ұлттық порталы
[:]