АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев пен Путин бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтады[:]

[:kz]

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті.

«Телефон әңгімесінде Владимир Путин мен Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады», — деп хабарлайды Кремльдің сайты.

Еске сала кетсек, Қазақстанда да, Ресейде де коронавирус індетіне байланысты әскери парад, «Мәңгілік полк» шеруі секілді бұқаралық шаралар өткізілмейтін болды.

alashainasy.kz/

[:]