[:kz]
Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасындағы «Штрихи к портрету» деректі фильмінде көптеген адамдардың президент өмірі туралы пікірі шындыққа мүлде жанаспайтынын сөз етті. Оның айтуынша, президент үнемі күйзеліс жағдайында болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Барлығы президенттің өмірі рахат деп санайтын шығар. Президент үнемі күйзеліс жағдайында жүреді, тәулік бойы, оның демалыс күндері де, жұмыстан тынығатын күндері де жоқ, ол барлық жерде жұмысқа берілген. Шыны ыдыста жүргендей — журналистерден қайда жасырына аласың, бәрін қазып алады. […] Адамдар оны ұшақтан түсе салысымен, үстінен Юпитерлер жарқырап, камералар оған бағытталады деп ойлайды. Бұл президент өмірінің 0,1%-ы ғана, қалған өмірі ойлармен шырмалған. Ана мәселені шешу керек, мынаны да шешу қажет, инвестицияларды Сағат 7-де тұрып, дайындаласың. Сағат 9-ға қарай жұмысқа кірісесің, ал қашан қайтатының — бұл бөлек әңгіме. Кейде кешкі сағат 9-ға дейін, кейде сағат 10-ға дейін отырасың, жағдай соған келтіреді», — дейді Назарбаев. Елбасы қатаң кесте бойынша өмір сүруге дағдыланғанын алға тартты.
«Менің бүкіл өмірім осылай өтумен болды — 30 жыл бойы тұңғыш президент болғанымда, елдегі бірінші адам болған кезімде, оған дейін 5 жыл үкімет төрағасы болған кезімде де. Бұл жайттар кестемен жүруіңді талап етеді — таңертеңнен кешке дейін жұмыс жоспары, ел бойынша мыңдаған сапарлар, шет елдерге сапарлар, бізге келушілерді қабылдау, барлық іс-шаралар мен отырыстарды өткізу. Мұнда сіз өзіңіздің жұмыс күніңізді басқара алмайсыз, жағдайлар мен қызмет басқарады», — дейді Назарбаев. Еске салсақ, бұған дейін елбасы Әблязовтың сатқындығын сөз еткен еді. Одан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимарат «Әбу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеген болатын.
Тағы да оқыңыздар: kaz.nur.kz
[:]