АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетістіктерін өзбек делегациясы зерттеді[:]

[:kz]

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрылуы, ерекшеліктері мен жетістіктерін Нұр-Сұлтанда Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептер агенттігінің өкілдері зерттеді.

Агенттік төрағасының орынбасары Амирулла Абдуллаев пен халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Фарход Ниязов NIS басшылығымен кездесіп, педагогикалық шеберлік, педагогикалық өлшеулер және педагогикалық бағдарламалар орьалықтарының жұмысындағы басым бағыттармен танысты.

Аккредиттеу мен сертификаттау, халықаралық мойындалу, бағалау жүйесі, оқу үдерісінің онлайн форматқа көшуі секілді заманауи білім берудегі стратегиялық тақырыптар өзбек әріптестеріміздің үлкен кәсіби қызығушылығын тудырды.

Физика-математика бағытындағы, халықаралық бакалавриат және халықаралық мектеп – елордадағы үш мектепте әртүрлі бағыттағы – ғимараттың құрылысы, педагогикалық ұжымды қалыптастыру, NIS-Programme құру, іріктеу байқауын өткізу, әлеуметтік тәжірибелер мен элективті курстарды жүргізу, ата-аналармен ынтымақтастық орнату және т.б сұрақтар легі талқыланды.

Амирулла Абдуллаев бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері бүкіл әлемде қазақстандық білім беру бренді ретінде танылғанын, инновациялық мектептер құру бойынша NIS-тің үлкен тәжірибесіне көптеген елдер қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

[:]