АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Назарбаевқа түскі ас әзірлеп танымал болған атыраулық аспаз өз тойында қонақтарға бүтін акуладан дәм татқызды[:]

[:kz]

 

Елбасына түскі ас дайындап танымал болған атыраулық аспаз Бағдат Қадыров шаңырақ көтерді. Тойға жиналған қонақтардың алдына акуладан дайындалған дәм қойылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдат Қадыров үйлену тойына қызу дайындалып жүргені туралы Instagram парақшасында мәлім еткен. Ол бас аспаз болғандықтан өз тойының дастарханына арналған мәзірді толық өзі әзірлеп, тағам дайындау процесін бақылауда ұстағанын алға тартады.

Акуланы той қонақтарының алдына Бағдаттың аспаздық өнерде бірге жүрген әріптесі сән-салтанатпен алып шыққан. Теңіз балығы түрлі экзотикалық жемістермен бірге ұсынылған. Видеодан бұқтырылып пісірілген теңіз жануарын қонақтар жан-жақтан қаумалап, фотоға түсіргенін байқауға болады.

Той қонақтарының арасында танымал өнер жұлдыздары да болған. Атап айтсақ, Нұржан Керменбаев, Әбдіжаппар Әлқожа, Қабдол, Әділет Жауғашар сынды әншілер бой көрсеткен. Айта кетейік, Бағдат Қадыровтың сүйген жары Ақтау қаласынан.

Видео Бағдат Қадыровтың тойын ұйымдастырушы Бағдат Сәрсекеннің рұқсатымен Instagram парақшасынан алынды

 

kaz.nur.kz

 

[:]