[:kz]
Назарбаевтың биліктен кеткенін естіген Қазақстанның танымал әншісі көз жасына ерік берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Индира Расылханның Instagram парақшасына жариялаған видосы қызу талқыға түсуде. Ол Назарбаевты қимайтынын айтып көз жасына ерік берді.
«Алғаш президент боп сайланған кезде ол кісінің алдына шығып, ән салғанмын. Ол кезде 17-ақ жаста едім. «Әнің де, дауысың да өте әдемі екен» деп ең бірінші маған шабыт берген де сол кісі еді. Қазір естіп отырмын, кәдімгідей көңілім бұзылды. Сіздің еңбегіңіз орасан зор. Аман болыңыз!», — деді Индира Расылхан.
Еске салсақ, бүгін Парламент үйінде халыққа ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде алғашқы мәлімдемесін жасады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айта отырып, өз ұсыныстарын айтты.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
[:]