АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назима: Мен өмірде жабысқан, тым қысқа шолақ шалбар мүлде кимеймін[:]

[:kz]

Қарбаластан тұратын жұлдызды өмірі, қызы, отбасы, бастығы Тимати жайлы ашық әңгімеледі

Шымкенттен шыққан әнші Назима Блэк стар ұжымына алынғаннан кейін өмірі күрт өзгергенін және бұл өзгерісті ол жиырма жасынан бері күткенін айтты.

Ол жеке өмірінде осы бір өзгерісті болдыру үшін бірнеше жыл бойы психологиялық әдістермен тәсілдерді қолданғанын да жасырмайды. Бұл туралы KYN.KZ  сайты Alibekovkz ютуб арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мен адамдарға психологиялық тренинг өткізуге уақытым да жоқ. Тек сол психологиялық әдістердің шынында жұмыс істейтінін айтқым келеді. Расында мен бақыттымын, осындай жетістікке жету үшін талай жұмыстың басын шалып көрдім.

 

Шымкентте жүрген кезде күніне 15 мың қаламақы төленетін жерде де жұмыс істедім. Ешқандай жұмысты намыс көрмеймін. Адам ақша табу үшін барлығына шыдайды, барады деп ойлаймын. Өзім сондаймын. Визажист маманы болдым, фаст фуд саттым айтаберсем осы сияқты мен айналысқан жұмыстар өте көп»,-дейді әнші.

Назиманың сахналық образына тоқталған жүргізуші одан қаншалықты қымбат киімдерді ұнататынын сұрады.

«Мен ешқандай да бренд қуып, сән іздеген емеспін. Бастысы маған ыңғайлы болса болғаны. Өмірде ешқашан сахнадағыдай шолақ шалбар мен жабысқан сым киген емеспін. Өте жабық әрі ыңғайлы киім болса болды киіп жүремін. Көліктің де тым қымбатын, шығыны көбін ұнатпаймын.

Мақтан үшін қымбат көлік алып алып, оны асырап жүру менің таңдауым емес. Мүлде  қара ет, ұн өнімдерін жемеймін. Балық, құстың етін тұтынамын. Әнші ретінде сымбатым мен бет  күтіміме көбірек көңіл бөлуге тура келетіні рас»,-дейді  Назима.

Шымкенттен шыққан Назима қазір Мәскеуде тұрып жатыр. Болашақта қызы мен отбасын көшіріп алуды қалайтынын да жасырмады.

Менің қазір әр уақытым санаулы. Өзі осындай жұмысты қанша ма жыл армандадым, шүкір. Алдағы уақытта бұдан да тығыз болса екен деймін. АҚШ-та ән салғым келеді. Блэк стар ұжымында жүріп талай елді араладым.

Қазір Мәскеуде тұрамын деген атым ғана. Расында онда үй бар, бір сөмке киімім мен кереуетім тұр. Күнделікті басқа қалада, тіпті бақса елде жүремін. Шымкентке қызымды көру үшін жиі барып тұрамын.

Соның өзіне кейде уақыт тапшы болып кетеді. Бізде ұйымдастырушылар өте жақсы жұмыс істейді. Алдағы уақытта қызым мен отбасымды Мәскеуге көшіріп алсам деген арманым бар»,-дейді  Назима.

Әнші өз сөзінде бүгінгі бастығы Тиматидың адамгершілігі мол, сөзінде тұратын, еңбекқор, өз саласының нағыз маманы екенін айтып мақтады.

kyn.kz

[:]