[:kz]
Экономист әрі блогер Мұхтар Тайжан Ресейдегі орман өртіне қатысты пікір білдірді. Ол көрші мемлекеттің өртті өшірмей, қол қусырып отырғанын орынсыз әрекетке балады, деп хабарлады Sn.kz ақпарат порталы.
«Ресейдің логикасын түсінбеймін. Сирияға араласады, Украинаға араласады, Африка Орталық Республикасына, Суданға араласады, тіпті Венесуэлаға араласады. Ал өз еліндегі орман өртін «жоқ, сөндірмейміз» дейді. Нецелесообразно екен. Не деген топас логика!», — деп жазды Мұхтар Тайжан Facebook-парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің үш миллион гектар жерін өрт шалғанын, сондай ақ оның түтіні Қазақстан аумағына жеткенін де жазған болатынбыз. Ал Ресей билігі өрт сөндіруге кеткен қаржы келетін шығын көлемінен артық болғандықтан өртті сөндірмеу туралы шешім қабылдаған.
/sn.kz
[:]