[:kz]
Алматылық 61 жастағы зейнеткер дүкеннен сатып алған сүттің ішінен мүшеқап шыққанын айтып, дабыл қақты. Сұмдық жағдайдан шошынып қалған Қизат Унаева білдей зауыттың осы өнімін 1 жылдан аса уақыт қолданып келген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Енді қарапайым сүтпен шай ішуден қорқып қалған қария сотқа арыз түсірген.
Бірақ өндіруші компания өкілдері толықтай автоматтандырылған зауыт өнімінен мүшеқап табылуы ақылға симайды дейді. «Сүтті ашсам ішінен мүшеқап шықты. Масқара ғой бұл», — деген Қизат Унаева дүкен сөресіндегі пастерленген сүтті екі күн бұрын сатып алғанын айтады.
Алайда үйге келісімен тетрапакеттің аузын ашқан зейнеткер ішінде қалқып жүрген мүшеқапты көреді.«Жартысын банкіге құйғаннан кейін ақпай қалды. Қайшымен кескен жерін жыртып жібердім. Сол кезде мүшеқап шықты ішінен. Бәріміз шай ішеміз. Сонда біз не ішіп жүрміз? Менің осыны қолданғаныма бір жылдан асты. Бұның алдында не болғанын қайдан білеміз?», — дейді алматылық қария.
Халал таңбасы белгіленген сүттің ішіндегі тосынсыйдан есеңгіреген зейнеткер дүкенге қайта жүгіреді.
Асып-сасқан сатушылар бірден өндіруші компания өкілдерімен телефон арқылы тілдестіріпті. Бірақ тұтқаны көтергендер кінәні шағымданушының өзіне арта салған көрінеді.«Мүмкін ол кісінің өзі ішіне салып қойған шығар дейді. Мен осындай жасқа келгенде, сол маған керек пе? Осындай шу кімге керек?
Мынаны ашпай, сүтті қолдансам не болады? Мүмкін ішіндегі ауру нәрсе? Ойлаңызшы, сұмдық нәрсе ғой», — дейді Қизат Унаева.
Алайда, сүт өндіруші зауыт өкілдері алматылық тұрғынның іс-әрекеті шындыққа жанаспайды дегенді алға тартуда.Олардың мәлемтінше, автоматтандырылған жүйеде ондай олқылық кету мүмкін емес.
Ал адал асты «арамдағандармен» ақырына дейін күресуге бел буған алматылық зейнтекер құзырлы орындарға шағым түсіріп отыр.
Дереккөз: КТК арнасы
[:]