[:kz]
Не істесек те, Түркістан әлем үшін туризм орталығы бола алмасы анық. Үлкен ауыл, заманауи үлкен ауылға айналады.
Бұл туралы желіде қоғам белсендісі Сәбит Рысбаев жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Түркістандағы су ағатын Венецияға 200 миллион доллар кетті деп жатыр. Ол тек бір ғана нәрсесі. Одан бөлек дренажы жоқ стадионы бар, анаусы бар мынаусы бар қанша ақша кетіп жатыр? Не үшін? Не істесек те Түркістан әлем үшін туризм орталығы бола алмасы анық. Үлкен ауыл заманауи үлкен ауылға айналады.
Пәтер жалдау Алматы мен Астанадан қымбат деп жатыр. Не істесек те арыға бармай ақ өзбектердің Самарқанды мен Бухарасындай турист жинай алмайды. Логикасын еш түсіне алмадым. Рас өтірігін кім білсін Түркістанның бюджетінің 90%-ынан астамы республикалық бюджеттен қаржыландырады екен.
Өзі республиканы сорып отырған облыстар Түркістанға бірнәрсе сыйлап жатқанына күлкім келеді. Өзің қайыршысың кімге пір болмақшың дегендей.
Түркістан түркі әлемінің астанасы болды деді ма болады деді ма сондай болыпты. Не өзгереді одан? 1 миллиард доллар кетсе де сол ақшаға шетелден станок әкеліп тіс шұқитын таяқша мен труси тікпедік па өзімізге. Кезінде мұнайы дүркіреп тұрғанда үлкен үлкен үйлер соққан, қазір солары трущобқа айналған Каракас сабақ болмады ма бізге?
Мұнайдың бағасының түскені, ұлттық фондтан республикалық бюджеттің минусын жабудың да бір күнін тоқтайтынын түсінбейміз ба? Даңғырлаған сауда ойын сауық орталықтарын емес қашан отандық өнімді өндіруге назар аударамыз.
Жоқ 15 жылда бір қала соғып соны далақтап мақтай берейік па? Қашан халықтың қалтасынан сұраусыз қаңыраған ғимарат соғуды тоқтатамыз.
Сол соғып жатқандар да шетелдік компаниялар болса таң қалмаймын. Времянкада неше адам көмір жағып уланып өліп жатқанымызбен шаруамыз жоқ қой»,- деп жазды Сәбит Рысбаев.
[:]