АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Неге әнші жексұрын болу керек?»: Сәкен Майғазиев көпшілікке реніш білдірді[:]

[:kz]

Қазақ эстрадасының белді мүшесі, «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев әншілерді кінәлай беретін көпшілікті өткір сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz.

«Таңқаламын кейде, осы Бейонс мемлекеттік мәселелерді неге шешпейді? Киркоров неге жатыр? Кемпір-шалдардың зейнетақысын бермепті ғой. Пугачева не қарап отыр деп айтпайды ғой. Бізде түйені таныған тікенек деп барлығына әнші кінәлі.

Неге әнші қоғамдық жұмыстарға араласу керек? Неге әнші бүкіл адамның жоғын жоқтауы керек? Неге әнші саясаттың сөзін сөйлеу керек? Неге әнші билік пен бұқараның арасында алтын көпір болу керек, жексұрын болу керек?

Біреу ауырып жатса да әншілер неге көмектеспейді дейді. Сахнада жылтырап жүр, бұлардың ұпайлары түгел, малдары мыңғырған, миллиондаған ақшасы бар деп ойлайды. Біздің де әулетте проблемалар бар», — деді Сәкен Майғазиев.

[:]