[:kz]
Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Шамалған ауылындағы жерлестерімен өткен кездесуде көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға берілетін көмек туралы айтты. Елбасы өз баласын асырау-әр адамның міндетті екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Одан бөлек, алғашқы президент 1 сәуірден бастап көпбалалы аналарға қосымша көмек те көрсетілетінін алға тартты. Бала күтіміне берілетін жәрдемақыны тек көпбалалы жанұялар емес, аз қамтылған жанұялар да алатын болады.»Мемлекеттен көмек күтіп отырмай, жұмыс істеу керек. Неге балаларды біреулер дүниеге әкеліп, басқалар асырау керек?
Баланы дүниеге әкелді ме, намысы бар азамат жауапкершілікті басқаларға бұрмай, баланы көтеру керек, аяққа тұрғызу қажет.
Барлық әлемде солай. Кейбіреулер бар, Қарақалпақстаннан көшіп келдік дейді, он балалары бар. Біздің көмектескенімізді қалайды. Олай болмайды. Біз жұмыс істеуіміз керек, ал баласын асырау-әр адамның өз міндеті.Біздің ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз осылай өсірді. Барлығымыз осылай өстік.
Мен үнемі олар Қазақстанға келгені үшін мемлекет зейнетақы төлеп, толық қамтамасыз ету керек дегенді естимін. Ол дұрыс емес.Қазір мемлекеттің жағдайы тұрақты. Бізде келешекке индустрияға да, ауыл шаруашылығын дамытуға да резервтер бар. Біз барлық Қазақстан бойынша жолдар салып жатырмыз. Батысқа қандай тамаша жолымыз бар.Газ облыстарға дейін жүргізілді. Әр ауылға газ жүргізіліп жатыр.
Бізде бәрі бар. Тек қана жұмыс істеп, өз жағдайыңды жақсарту керек. Оқу және оқу керек. Сонда ғана отбасын толық қамтамасыз ете аласыздар», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Шамалған ауылындағы жерлестерімен кездесті. Іс-шара «Атамекен» тарихи-мәдени орталық аумағында өтті.
Фото NUR.KZ / Петр Карандашов
[:]