[:kz]
Үйі жоқ, жәйі жоқ, бала шағасын жарығы жоқ үйге тастап кетіп, мәдениетті болып опера, балет аралап жүрмейді ғой, дұрыс па?
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласының әкімі Әйтеновке дүрсе қойды. Себебі, қазіргі таңда Шымкентте бюджет қаражаты негізсіз жұмсалып жатқан көрінеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы заңгердің желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Шымкенттіктердің мәдениетін 128 миллионға арендаға қойылған LED экран көтере ме? Звук, жарық тағы басқаларға бөлген миллиондарды шығармай-ақ қояйын, иә? Сонда Түркістан сарайы осы уақытқа дейін жарықсыз, звуксыз келген бе?
Мәслихат депутаттары шырылдап айтып тұр, әкім өз әуенін айтуда. Мәдениетке ақшаны ешкім бөлме деп тұрған жоқ, аямай бөл, бірақ орынды бөл! Киімдерді ешкім алма деп тұрған, бастан аяқ жібек матамен қаптап қой, бірақ негізсіз шығындарды тоқтат, Әйтенов!
Шымкентте мәдениет дамымаған деп қалай айтасың, әншінің бәрі Шымкенттен шыққан болса?!
Адам капиталы мәдениетті көтергеннен көбеймейді, әлеуметтік жағдайды көтергеннен көбейеді. Жағдайы жасалған ана үйде жатып адам көбейтеді. Үйі жоқ, жәйі жоқ, бала шағасын жарығы жоқ үйге тастап кетіп, мәдениетті болып опера, балет аралап жүрмейді ғой, дұрыс па?
Ноян мырза нақты айтты «Алматылық кәсіпкерлер, жергілікті кәсіпкерлерден алып LED экран орнатып жатыр» деп. Яғни Алматыдан арқалағанша, жақыннан дорбала деп жалпақ тілде айтса ғана түсінесің бе, Әйтенов?», — деп Шымқаладағы олқылықтарды жіпке тізді.
Заңгер мұнымен тоқтамай, қала қазынасының босқа шашылғанына қарсы екендігін жеткізді.
«Әлде Алматыдағы кәсіпкер «откатын» көбірек беріп жатыр ма? Шымкент халқының мәдениетті болғанына ешкім қарсы емес, мәдениетті көтереміз деп өздерінің жағдайын көтеріп, қалталарын толтырып кететіндерге қарсымыз!
Қала халқының қазынасының талан-таражға салынуына қарсымыз! Әншілердің аузын жыбырлатып айтқан жансыз фонаграмасына отыз жыл бойы тойғанбыз! Сырттан келетін мамандар миллиондаған қаржыға бізді мәдениетті қылып тәрбиелемей-ақ қойсыншы, жарай ма?
Мен қала депутаттарын қолдаймын!», — деп бір-ақ тоқтады.
[:]