АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Некесіз тапқан»: Алматылық әйел жаңа туған сәбиін 400 мың теңгеге сатып жібермек болды (видео)[:]

[:kz]

Алматылық әйел жаңа туған сәбиін сатып жібермек болған. Ол сәбиін 400 мың теңгеге бағалапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Әуезов ауданында тұратын 23 жастағы әйел таныстарына жаңа туған ұлын сататынын айтыпты. Сөйтіп, сатып алатын адам да бірден табылған. 

Әйел бір күн бұрын түнгі сағат 11-дің шамасында Медеу ауданының аумағында сатып алушыдан 400 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды. 

«Анықталғандай, оның 7 жасар баласы бар екен. Екіншісін некесіз тапқан. Оны бөтен адамдарға сатып, ақша таппақ болған. Әйел өз әрекетін мойындады. Жаңа туған сәби үшін алған ақшасы процессуалдық тәртіпте тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды», — дейді қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Мендебаев. 

Бүгінгі таңда нәресте сәбилер үйіне уақытша орналастырылды. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 Stan.kz

[:]