АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Нервімді ауыртқым келмейді»: халықты инвестиция салуға үгіттеген Керімбекова мен Әлқожа енді «ат тонын ала қашуда» (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Әншілердің атағына сеніп, абыройына үміт артқан қарабайыр халық тағы да алданып қалған.

Соңғы кездері әншіліктен жаппай ұтыс ойнатуға көшкен өнер адамдарының төңірегіндегі дау-дамай өршіп тұрғаны айқын. Алдымен карантин кезінде тікелей эфирде ұтыс ойнатып, басы дауға қалған эстрада әншісі Ернар Айдар, кейін өнердегі інісін және ұтыс ойынына қатысты өз істерінің адалдығын, ақиқатын айтпақ болған Айгүл Иманбаева мен Айбек Сейітов (Бүркіт) халықтың қатал сынының астында қалған болатын. Ендігі кезекті дау аппақ гүлдер ұсынып, әйгілі болған Ақбота Керімбекова мен орамал сыйлап танылған Роза Әлқожаның төңірегінде туындады. Бұл туралы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы жазады. 

Әншілердің атағына сеніп, абыройына үміт артқан қарабайыр халық тағы да алданып қалған. Бұл жолы он мың теңгелік лотереяға емес, үш жүз мыңнан басталатын инвестицияға. Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның жарнамасына иланған жұрт миллиондарыннан айрылғанын айтып астарлы ақиқат бағдарламасының көмегіне жүгінген. Алайда көпшіліктің сұрағына жауап беріп, ақиқатын айту үшін бағдарламаға шақырылған қос әнші де тікелей эфирге келуден бас тартқан.

«Мен нервімді ауыртқым келмейді. Басымды да ауыртқым келмейді. Мен бармаймын шынымды айтсам. Менің инвестицияға қатысым жоқ», — дейді әнші Ақбота Керімбекова.

Ал Роза Әлқожа өз ақиқатын бағдарламаға видеоүндеу арқылы жолдаған.

«Билет саны шектеусіз дегенге мән бермедім. Кейін ұйымдастырушылардың инвестор тартқандары және жігіттердің тірліктері де ұнамады. Содан кейін концертке дайындаламын, уақытым жоқ деп, бірге жұмыс жасаудан бас тарттым», — дейді Роза Әлқожа.

Қазіргі кезде қос әншіге шағымданғандар саны 80 адамға жеткен. Ұйымдастырушыларға сенуге болатынын, инвестицияның шынайы екенін айтып жарнама жасаған халықтың қос ерке қызына құлай сенген халық ең азы 300 мыңнан 5 млн-ға дейін салым салған. Салымшылардың көпшілігі әншілердің сөзіне сенгенін айтады. Бағдарламаны көрген оқырмандар қос әнші мен жалпы өнер иелерінің осындай жарнамаларына заңмен тыйым салу керек деп ашына түскен.

«Ауыздарын көпіртіп, маған сеніп келіңіздер деп адам шақырып алып, енді басымды ауыртпаңдар, қатысым жоқ деп,жауапкершіліктен қашады», » Роза шикі екенін біліп кете салмай басқаларға да сақ болыңдар деп неге жарнама жасамайды», «Соттау керек қой мыналарды, Ақботасы бар тағы басқалары бар», «Осылар-ақ дым білмей қалады екен. Қарапайым халық кінәлі болып қалады -ау. Қайран қазағым — ай! Әншілерге неге шектеу койылмайды?» — деп шулады оқырмандар.

Бір айта кетерлік қызықты жайт, қос әнші қыздың ұтыстарын ұйымдастырған жігіттер, басы дауға қалып, алаяқтыққа шатылған Ернар Айдардың ұтысын ұйымдастарған жігіттер болып шықты.

 

[:]