АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Несекеңнің жарты көтені далада жатты ғой»[:]

[:kz]

ТАЛАЙДАН БЕРІ ТЕК ЖЫР ТЫҢДАТЫП, ЖЫРТЫҢДАТПАЙ КЕТІП ЕМ. ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР)))))

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытайға жолым түсті. Менің шешем экс оралманка деп айтып едім ғой))) «Туған жерімді бір көрмей өлетін болдым» деп зар заманды тақаған соң алып барып келейін дегем ғой. Сол жақта тұрмыс құрып, қалып қойған бірге туған әпкесі тағы бар.

…Шекарадан өтіп, аман-есен ханзулар еліне табан тіредік. Сол жерден бір көлікпен күтіп алып, тау-тастың арасындағы қойлы ауылға апарды. Бір кезде шопыр жігіт «Ары қарай көлік бара алмайды, атпен барасыздар» деді. Екі ат жетектеген жас балалар өзеннің өткелінде бізді күтіп тұр екен. Бірге барған бөлемнен «Қанша жер жүреміз?» десем «Мына қырдың ар жағында» дейді. «Онда тәтем атпен бара берсін, мен жаяу жүре салам» дедім. Екеуміз жаяулап тарттық. Аттылар бізден кәдімгідей ұзап кеткен. Арттарынан біз де жеттік. Келсем, екі кемпір әлгі маңды азан-қазан ғып жатыр. Басында түсінбедім. Сөйтсем, қырық жыл бұрын өліп қалған әке-шешелерін жоқтап жатыр екен ғой. Есіктің алдында қаздай тізілген әйелдер тұр. Бәрінің басында ақ жаулық. Сөйтсем, салтанатты түрде сап құрған бұл пақырларыңыз маған сәлем жасау үшін тұрған сол үйдің келіндері екен. Мәссаған! Мұндай құрметті кім көрген?!

Бірақ мәселенің мән-жайын естігеннен кейін білсем, сол келіндер мені көрген соң маған «сәлем саламыз ба, салмаймыз ба» деп екі ойлы боп қалған сияқты ғой. ))) Тіптен менің нағашы апаларының қызы екеніме дүдәмал көңілмен бөлемнен «Дәл сол кісінің өзі ме?» деп қайта-қайта сұраумен болыпты. Мәселе былай ғой. Олар «Нағашы апа үлкен қызымен бірге келе жатыр екен» дегенді естіген соң бір етті-женді, қоңдылау келген нәрмәлни әйел адамды күткен ғой. Сол жерде тырысқан шалбар, тыртиған топик киіп мен жетіп барғам. Ешо көзде қара әшки)))) Байғұстар әбден шок болған ғой. Менен өзге шалбар киіп тыртиып жүрген тірі әйел пендесі жоқ! Қызық тамаққа отырғанда басталды. Бүкіл ауыл-аймағы түгел жиналып апты. Өзімді тап бір өзге планетадан келгендей сезіндім. Көстиген аяғымды қайда тығарымды білмей бір мазам кетсе, жерге отыра алмай екі мазам кетті. Бір жағынан сары кемпір де миды жеп… «Айттым саған… Көйлек не болмаса иӨпкі ки деп…» Уффф!

Жолдан сілелеп барғанымды қайтем үстіге жапқан екі тонна зілдей көрпе екеуміз үйренісе алмай құрттай мазам кетіп біраз дөңбекшіп барып, көзімді әзер ілдім. Таңертең «Сізге ауданнан кісі кеп тұр» деп оятты. «Ойепырмооой, маған ауданнан кісі жіберетіндей мен кім едім сонЧа?! Тем болие басқа мемлекетте. Ештеме бүлдіре қоймағаным анық» деп далаға шықсам, әскери киінген бір қытай, бір ұйғыр жігіт кеп тұр. «Сіз бүгіннен қалмай орталыққа барып,, тіркеуге тұруыңыз керек екен» дейд. Өзім де оңбаймын ғой. Бірақ ондайларын кім біліпті?! Шекарадан өткенде «Қайда жұмыс істейсіз? Кәсібіңіз не?» дегенде шынымды айта салғам ғой. Журналистпін деп нем бар ед? «Сауда жасаймын» дей салсам да болғандай екен. Бар пәле содан басталды. Содан сау басыма сақина тілеп алып, біраз «тергеуге» алынған жай бар) Ол туралы кейінірек.

Мені орталыққа жеткізу үшін көлігі бар құда балаларының бірін шақыртыпты. (Көлік мәселесінің өте қиын екенін кейін білдім ғой) Ол келісімен бөлелерімнің бірін ертіп орталыққа тарттық. Ол бір шағын ғана ауыл екен. Жұмыстарды бітіріп, нағашы апамыздың сол ауылда тұратын баласының үйіне келдік. Сол арада түс ауды. Бір кезде терлеп-тепшіп бөлем келді. «Тәте, ана құда баланың жеңгесі толғатып, ол соны қалаға алып кетті». Ол келгенше күтесіз бе, әлде мотомен кете баресіз бе?» деді. Жол-жөнекей алдында бір-ақ дөңгелегі бар бір ойыншық сияқты машиналарды көргем. Мото деген сол екен деп ойладым ғой мен пақыр. «Ой, мейлі, бола берсін. Қайта берем» дедім. Сөйтсем үш аяқты мәшине мото емес, «Моди» деп аталады екен. Бір кезде кіп-кішкентай мотоциклмен бір жігіт кеп тұр. Өңі күнге әбден тотығып, қап-қара боп кеткені болмаса, менен біршама жастау сияқты көрінді. Ол да құда балалары екен. Мейлі енді дедім де әлгі жігіттің артына мінгесіп отырып алдым. Мінгескенде де жай мінгесе салғам жоқ, Белінен қапсыра құшақтап алдым. Енді жан керек қой! Біресе жотаны бөктерлеп, біресе ылдидап, біресе сайға түсіп, біресе жотаға шығып аңыратып келе жатырмыз. Төмен қарай түскенде жүрегім сусылдап қоя береді де, жотаға шыққанда қарсы соққан желден қорғанам деп әлгі жігіттің жон арқасына бетімді тақап алам ғой. Құшақтап алғаным аздай))))

Не керек, екеуміз таудағы үйге де жеттік-ау! Барсам, келіндердің бәрі мәз. Ыржың-ыржың етеді. Сөйтсем, мотоға мінгенде ешқандай әйел дәп мен құсап еркекті қапсыра құшақтамайды екен. Артқы сидениенің бұрышында арнайы ұстайтын жері бар екен. Кейін көрдім ғой. Дажы кәрі кемпірлер де ыспокойны сол жерінен ұстап алып мінгесіп кетіп бара жаттты.Ал сол жолы еркек құшақтаған қазақстандық әйелді бүкіл ел қырқа – қырқадан қарап тұрып бір риза болған ғой. Біраз әңгіме айтқан шығар не де болса)))) Бірақ маған бәрібір. Ең бастысы мотодан түсіп қалмай аман жеттім ғой.

Осы қызығымды осында келген соң бір туысқан сіңіліме айтып бергем ғой. Ол да менің алдымда ғана шешесін ертіп Қытайға барып келген. Ол «Мотоциклші жігіт арық па еді?» деп сұрады. «Иә» деймін. «Онда мотоға екі арықтың мінгескені нармальні екен. Мұнда арық жігітке семіз әйелдің мінгескені жаман екен» дейді. «Қалай?» деймін ғой. «Менің жежем (шешесін «жеже» дейді) бір арыыыыық жігіттің мотосына мінгескен ғой. Жежемнің қарнын өзің білесің))) Әлгі байғұс жігітті сол қарынмен рульге қарай тықсырып, итеріп бірақ тастады ғой)))) Ол аз болса, жотаға шығып бара жатып жежемнің басындағы орамалы ұшып кетті. «Дәрия, оууу Дәрия, орамалымды ала сал!» деп айғайлап, желмен шашы қобырап, дода-додасы шығып жалбырап, мотоға мінгесіп бара жатқан семіз әйелді өзің елестетші көрші» деп бір күлдірді))))) Бір күні осы әңгімені алдындағы өзімнің қызығыммен қосып Қытайға барып келген тағы бір тәтеме айтқам ғой. Ол не дейді дейсіз бе? «Ей, Жәкентай, бір арық, бір семіз отырған да ничего. Мұнда екі семіз мінгескен жаман екени» дейді. Не дейді құдай-ау?!)))) «Мен Қытайға сіңіліммен бірге бардым ғой. Оның пошымының құдайы көжедей екенін өзің білесің. Бізді тасуға бір семіз жігіт бұйырыпты. «Алдымен сен жет құрсын!» деп алдымен Несіпқанды мінгестіріп жіберіп, өзім қарап тұрғам. Ана жігіт те оңбағандай неме екен. Несіпқан да оңып тұрған жоқ. Несекеңнің жарты көтені далада жатты ғой» деееегендееее….))))))))))))) Жәәй журналистер күнінде күлмесеңіздер де бір жымиып қалсын дегенім ғой. Мерекелеріңізбен, әріптестер! Қуып, постты саясиландыруым жоқ. Бұл жерде ешқандай саясат жоқ. Ондайлардың пікірі бірден өшіріледі. Айтып қояйын.

 

Жанар Оразымбет

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

Сурет  alashainasy.kz сайтынан алынды

[:]