[:kz]
“Бірдеңе жұмсағын бит басар…” деген. Бірдеңе дегеннің не екенін айта салуға бет моншағым үзіліп отырған жоқ, қазақтың сөзі, мен шығармадым. Қасиетті ай болғандықтан тілімді тартыңқырағаным.
Бірақ… Жеке құжатты ауыстырарда басынан орамалы түспейтін жасы жер ортасынан асқан әженің орамалын шешкізіп, ертең хиджабын лақтырып тастамасына кепілдігі жоқ соплячканың қылғынып тұмшаланып суретке түсуіне рұқсат берген біздің заңның біртүрлілігіне байланысты айтқаным ғой.
Хиджабпен суретке түскеннің бірнеше түрлі үлгісі ұсынылған, ал әлгі орамалды “қазақшалап” салған әжелердің орамал байлауы ережеге томпақ, тәртіпке қайшы келеді-мыс.
Неткен сорлылық, ә! Осыны ойлап тауып жүзеге асырып отырған өзге ұлт емес, қазақтың өзі. Әлгі соплячкалардың діни сеніміне селкеу түсірмей қорғалуы мақсатында тәртіпті орындап отырғандардың өз шешелері жер ортасынан ауып, өлуге бет бұрған жасқа келгенде орамалын шешкізіп шашы селдіреп, жылтырап көрінген құйқасымен суретке түсіреді солай.
Ол әжелердің сенімі ше? Қорлау керек пе солай? Олардың сенімі қайда қалды? Заңда жүрек те, ұят та болмаған. Маймыл қазақ көбейді десе ренжисіңдер тағы. Солай. Ұлттық идеологияның жоғы бұл. Өткенде бір депутат сарнап еді, бар деп. Міне, саған ұлттық идеологияның жоғына дәлел.
[:]