[:kz]
Нигерияның солтүстігінде ашаршылықтан таяуда 75 мың бала өліп кетуі мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманиталық бағдарламасын үйлестірушісі Петер Лундберг мәлімдеді. Себебі, «Боко Харам» қарулы тобының қолынан азат етілген солтүстік-шығыстағы Борно штатын ашаршылық жайлап, 14 миллионға жуық адам көмекке зәру. Олардың 400 мыңдайы — кәмелет жасына толмағандар. Ал осы аймақтағы 7 жылға созылған үкімет әскері мен экстремистер арасындағы соғыстан ондаған мың адам опат болған. Сондықтан халықаралық ұйым бұл дағдарысты бір өзі шеше алмайтынын да айтты.
24.kz
[:]