АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Nur Otan» халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.[:]

[:kz]

«Nur Otan» партиясының негізгі бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Бұл туралы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Дмитрий Черненко мен Жанна Мустафина Петропавл  ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде сөз етті.

Кездесуде сайлаушылар ауылды көркейту, көпбалалы аналарды қолдау және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту жайын сұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Мәселен, 2021 жылы –Желтау ауылдық округінде 200 бас мүйізді ірі қараға арналған сүт-тауар фермасының құрылысына, 2022 жылы–Ш.Қалдаяқов ауылында қуатты 1 мың бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысына, 2023 жылы – Петропавловка ауылында қуаты 400 тонна 2 көкөніс қоймасын салуға, сонымен қатар  2023 жылы Петропавловка ауылында қуаты жылына 200 тонна ет өңдейтін цех ашуға, Әлімбет, Ащылысай, Желтау және Степной ауылдық округтері аумақтарында жайылымдар мен егістіктердің мақсаттарын өзгерту жолымен суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен 9,8 мың гектарға дейін кеңейту жоспарланғаны жайлы айтылды. Жайлы ауыл бағыты бойынша «Nur Otan» партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әр тұрғынның таза суға, ауаға және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қолдайды.«Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыратын болады.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы жастар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қолжетімді тұрғын үй беруге, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жыл сайын кемінде 3 пәтер сатып алуға, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында Петропавл және Ш. Қалдаяқов ауылдарындағы тұрғын үй алаптарын игеру мен жыл сайын аудан бойынша ауылдық елді мекендерінің балалар ойын алаңдарын абаттандыруды жүргізетіндігі жайлы ауыл тұрғындарына айтып өтті. 2021 жылы — Әлімбет және Петропавл ауылдарындағы балалар ойын алаңын абаттандыруға атсалысатынын үміткерлер айтып өтті.

Ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі де айтылып өтті. Ол үшін «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары өз жұмыстарын күшейтіп, аға ұрпақты, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымдарын жандандыруға бағытталатын болады. Ол үшін «Nur Otan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта  жасау мақсатында әлеуметтік инфрақұрылымның жаңа объектілерін бейімдеуге, 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға  жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жыл сайын кемінде 71 жалғызбасты қарт азаматтарға қолдау көрсетуге қол жеткізу сайлауалды бағдарламада негізгі мақсат екендігін Ж.Мустафина айтып өтті.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының экономикалық тұрақты аудан құру бағытына тоқталған кандидаттар сайлаушыларды «Nur Otan»-ды қолдауға шақырды. 

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыс  Қарғалы

ауданының  сайлау қоры қаражаты есебінен  төленді.

 

 

[:]