АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ[:]

[:kz]

Бұл туралы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер — Надежда Заглядова , Алтынгүл Байменшина мен Қымбат Тасымова Степное ЖШС елді мекенінің ұжымымен кездесу өткізді.

Надежда Заглядова өңірде көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, оларды жұмыспен, баспанамен қамту мәселелерін көтерді.

«Аудандағы азаматтардың әл-ауқаты — әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіші. Сондықтан «Nur Otan» партиясы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға күш салатын болады. Қазіргі таңда елімізде көп балалы аналар мен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, оларды еңбекке тарту, баспанамен қамту — маңызды міндеттердің бірі» — деді Н.Заглядова.

Сонымен қатар Әлімбет, Ащылысай, Желтау және Степной ауылдық округтері аумақтарында жайылымдар мен егістіктердің мақсаттарын өзгерту жолымен суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен 9,8 мың гектарға дейін кеңейтуге, «Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыратындығын атап өтті. Біздің партия Қарғалы ауданы тұрғындарының үміттерін қанағаттандыру, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Біз Сіздерді аудандық мәслихаттқа сайлау кезінде   «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамыз. Біздің бағдарлама Қарғалы ауданын кешенді дамытуға бағытталған. Біз ауданымызды әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті, серпінді дамитын экономикасы  және адамдардың жайлы өмір сүруі  үшін жағдай жасалатын нақты шараларды ұсынамыз. Біз ауданымыздың дамуы мен гүлденуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен пікір алмасуға әзір және ашық екенімізді, сондай-ақ ынтымақтастыққа дайын екеніміз туралы мәлімдейміз.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастыратын болады. Біз өз алдымызға Сіздің сеніміңізді ақтау міндетін қоямыз. Барлығымыз бірлесе отырып, ауданның әрбір тұрғыны жайлы өмір сүріп дамуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бай, қуатты қоғам құрамыз» — деді Надежда Заглядова.

А.Байменшина «Кәсіпкерлерді қолдаймыз және лайықты жалақақысы бар жұмыс орындарын ашамыз» атты тақырыппен халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен және тұрақты жалақымен қамтамасыз етуден көретіндігін атап өтті. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек» және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен жыл сайын кемінде 670 жаңа жұмыс орнын құруға, жыл сайын бос жұмыс орындарына кемінде 900 адам жұмысқа орналастыруға, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жыл сайын (1 жылдан астам) кемінде 30 адамды және қысқа мерзімді оқыту (3 айға дейін) кемінде 35 адамды кәсіптік оқытуға  «Nur Otan» партиясы ықпал ететіндігін айтып өтті. Сонымен қатар бизнесті несиелеу тетіктерін пайдалануды кеңейтуге, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін жыл сайын кемінде 50 грант пен микрокредит бөлуге, жаңа өткізу нарықтарын іздеу, оның ішінде Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері арқылы шағын және орта бизнесті дамыту мен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несиелеудің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру партияның жоспарында бар екендігін атап өтті.

Ал Қымбат Тасымова, өңірде 2025 жылға қарай партия тарапынан жастардың жұмыспен қамтылуына, шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өзін-өзі дамытуына жағдай жасалады. Атап айтсақ, алдағы жылдары жастармен жұмыс жасауда әлеуметтік лифтілерді құруға, жас отбасылар үшін тұрғын үй, жұмысқа орналасу, білім беру проблемаларын шешуге баса назар аударылатын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы ауданның шаруа қожалықтары және ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жыл сайын жастар арасынан кемінде 60 адамды жұмысқа орналастыру, «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге кемінде 250  жастар өкілдерін жұмысқа орналастыру, Бадамша ауылында жұмыс істейтін «Сoworking center» базасында жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы және шығармашылық дамуына ықпал ету, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жыл сайын кемінде 30 грант бөлу мен барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысын дамыту міндетін «Nur Otan» партиясы алға қойып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар «тарих пен мәдениетті дамыту» бағыты бойынша Қарғалы ауданының киелі жерлері ортағасырлық Қызылтам кесенесі мен Қарабұтақ ауылында орналасқан Нұрпейіс хазірет мешіті жайлы ақпарат берді. «Nur Otan» партиясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық сананы жаңарту идеясын, қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді қолдайды. Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры»бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

             Бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін «Nur Otan» партиясы «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында  Аналар кеңесінің жұмысына жағдай жасауға, ауданның көрнекті тумаларының мұрасын насихаттауға, қасиетті және көрнекті жерлерге өлкетану экспедицияларын өткізуге, аудандық  мәдениет нысандарын күрделі жөндеуді қамтамасыз ету мен мерейтой даталарына орайластырылған қоғамдық-маңызды іс-шараларды насихаттауға «Nur Otan» партиясы ықпал ететіндігін атап өтті.

Барлық ұсыныс-пікірлер тындалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және үгіт тобы партияға дауыс беруге шақырды.

Үгіт-насихат жұмыстары санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, өткізілуде.

 

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыс  Қарғалы

ауданының  сайлау қоры қаражаты есебінен  төленді.

[:]