[:kz]
Тым ашулы күйдегі мас Қытай азаматы ешкімді тыңдамай, өзге жолаушылардың мазасын алған.
«Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының өкілі Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөлімшесіне «Нұр-Сұлтан – Алматы» әуе рейсінің бортында құқық бұзушы отырғанын айтып, шағым түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік полицейлері жүргізген тексеру барысында 40 жастағы ҚХР азаматы анықталды.
Мас күйдегі жолаушы мінез танытып, шу шығарған. Өзіне айтылған ескертулерді тыңдамай, өзге жолаушылардың мазасын алды.
Медициналық сараптама оның «орташа дәрежеде» мас екенін растады. Қытай азаматы ұшақ бортынан түсірілді.
Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 440 бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша іс қозғалып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
[:]