АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтан әуежайында жаңа ережелер енгізілді: Кімді рейске жібермеуі мүмкін[:]

[:kz]

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы төтенше жағдай режимінде санитарлық талаптарды күшейткенін мәлімдеп, жолаушыларды авиарейске жіберу ережесін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Енді Т2 терминалына кіру вокзал маңы алаңынан жүзеге асырылады. Терминалға кіру үшін жолаушыларға COVID-19-ға ПЦР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (берілген сәттен бастап жеті күн ішінде жарамды) қажет болады.

«Шығарып салушыларға терминалдың ішінде болуына тыйым салынады. Анықтама мен дене қызуын өлшеу терминалға кірер кезде жүргізіледі. Терминалда жолаушылар маскамен және қолғаппен жүруі тиіс. Терминал аумағында қолды дезинфекциялауға арналған құрылғылар бар. Тіркеуге және тексеруге кезекке тұрған кезде ара қашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Ұшаққа балаларын шығарып салатын ата-аналардың да COVID-19 тестілеу туралы анықтамасы болуы керек, егер ол жоқ болса, әуе компаниясының өкілі баланы кіре берісте қарсы алып, тіркеуге апарады. Тестілеу туралы анықтама мүмкіндігі шектеулі адамдарды ертіп жүретін тұлғаларда да болуы керек, егер болмаса терминалдың кіреберісіндегі арнайы батырманың көмегімен санитарды шақыру қажет. Рейске онлайн тіркелу керек», — делінген әуежайдың баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 4 мамырдан бастап аймақтарға бірқатар рейстер қайта ұша бастайды.

[:]