[:kz]
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын», — делінген президенттің жарлығында.
Алтай Көлгінов бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. Ал елорданы осы уақытқа дейін Бақыт Сұлтанов басқарған еді. Ол Астана әкімі болып (қазіргі Нұр-Сұлтан) 2018 жылдың 11 қыркүйегінде тағайындалған болатын.
[:]