[:kz]
«Бұл жайт «Шапағат» базары аялдамасы маңында болған» деп жазылған.
Бүгін әлеуметтік желіде полицейлердің көшеде жүрген екі адамды ұстау үшін оларға күш көрсеткендігі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында «Полицейлер карантин тәртібін бұзған екі мас адамды ұстады. Бұл жайт «Шапағат» базары аялдамасы маңында болған» деп жазылған.
Видеодан полиция қызметкерлерінің бір ер адамды жерге жығып алып, қолын қайырып жатқан сәтін көруге болады. Тіпті, ерікке көнбеген оның мойнынан аяқпен басып, бетіне соққы жасап та жатыр. Сондай-ақ, ұсталған ер адамның қасындағы әйел де дауыс көтеріп, шамасы жеткенше сақшыларға қарсыласып бағуда. Ол бір мезет талықсып кеткендей болып, жерге ұзынынан сұлап жата қалды.
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, бұл – Нұр-Сұлтан қаласында болған оқиға. Көбі «Шаш ал десе, бас алатын полицейлердің бұл қылығы – шектен шыққандық» деп есептейді.
[:]