[:kz]
Үй тұрғындары осы үйдегі пәтерлерін сатуға асығуда екенін мен үй іздегенде байқадым.
Астанада осы екі үйді білмейтін адам аз болар. Халық арасында «Свечки» деп аталатын тұрғын үй кешені. Бөгенбай батыр мен Сарыарқа көшелерінің бұрышында орналасқан деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл екі үй ескі зираттың үстіне салынған деген аңыз бар. Түнде лифт өз-өзімен жүріп кетіп, пәтер ішінде түсініксіз сықыр мен ыңырсыған дауыстар болады-мыс. Бұл үйдегі тұрғындар жалғыз қараңғы подъезбен жүрмеуге тырысады. Кейбіреулердің айтуы бойынша, қараңғы подъезде бір баланың күлкісі естіледі екен. Бірақ, ол баланы ешкім көрмеген.
Үй тұрғындары осы үйдегі пәтерлерін сатуға асығуда екенін мен үй іздегенде байқадым. «Свечки» туралы білмейтін, сырттан келген адамдарға пәтерлерін сатып жібергісі келеді екен. Астанада бұрыннан тұратын танысым осы xикаяны айтпаса, мен де мүмкін осы үйде «руxани жаңғырудың» орнынан жаңғырған руx көріп қалуым ықтимал еді…
Самат Нұртазаның Facebook-парақшасынан
[:]