[:kz]

Кейін ер адамның таяқ жеген күйінде кешірім сұраған видеосы пайда болды, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Видео @jexennews Telegram каналында жарияланды.
Ер адам бейәдеп сөздерді қолданады және соңында жігіттерден қатысушылардың оған қарсы шағымдары бар-жоғын сұрайды. Олар «жоқ» деп жауап береді.
Екінші видеода ер адам жасаған әрекеті үшін кешірім сұрайды.
«Мен балалардың шашын алдырғаным үшін кешірім сұраймын. Мен үлкен қателік жібердім. Бұл қайталанбайды», — деді ол.
«Әлеуметтік желіде бейнеролик таралды. Нұр-Сұлтан қаласында клиент пен шаштаразшылардың арасында жанжал болған. Қазіргі уақытта жанжалдың барлық қатысушылары анықталды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деді «Нұр-Сұлтан» ДП баспасөз қызметі.
[:]