[:kz]
Нұр-Сұлтандағы барға келушілер алкогольді сусындар тұратын сөрелер жақта жалаңаш бойжеткендердің жүргенін видеоға түсіріп алған. Кардан арулардың бірінің келушілерге сусынды таңдауға көмексетіп жүргені бейнеленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Редакциямызға оқырмандардан бірнеше видеороликтер келіп жетті.
«Тірі тауар сатып тұрғандай. Мүлде ұяттан безген!», — деп ашуға булықты видеороликті жіберген әйел адам.
Видео авторының пайымынша, оқиға елордалық барлардың бірінде болған.
Бір қарағанда күмән тудыратын ештеңе жоқ секілді болып көрінеді. Барда клубқа арналған музыка ойнап тұр, ал адамдар тоңазытқыштардағы сусындарды таңдауда.
Дегенмен көңіл көтеру орнының әкімшілігі келушілерін таңғалдырды. Кадрдан сусын тұрған тоңазытқышқа біреу жақындаған кезде оның іс-әрекетін жалаңаш қыздың қайталайтынын көруге болады.
Сондай-ақ, атап өту керек, бұл жай ғана компьютерлік симуляция емес, тірі адам. Ол барға келушілерге сусын таңдауға көмектесіп жатқандай. Ару өзінің қызметін орындау кезінде жақ ашпайды.
Сонымен қатар, басшылық қызық жағдайға қатысты пікір білдірді. Директордың сөзінше, мұндай идея барға келушілердің көңілін көтеру үшін ойлап табылған екен.
Сондай-ақ, ол идея адамдардың көңілінен шығып жатқанын да алға тартты. Ал бойжеткендер үшін бұл мамандықтың бір бөлігі.
Бар өкілінің айтуынша, қызметкерлердің міндетіне келушілерге кеңес беру, бос қалған сөрелерді сусындармен толтыру кіреді екен.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда порнографиялық видеороликтер көруге арналған сайттың логотипі бейнеленген автокөлік анықталды.
[:]