АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтанда көлігінің үстіне қыздарды отырғызып алып жүрген мас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Бүгін Нұр-Сұлтан сақшылары Lexus LX 570 көлігінің рөліндегі 24 жастағы мас жүргізушіні 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Ол орталық саябақ тұрағында екі қызды көлігінің төбесіне отырғызып алып жүрген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін әлеуметтік желіде екі қызды Lexus LX 570 көлігінің төбесіне отырғызып алған жүргізуші бейнеленген видео тарады. Қалалық полиция қызметкерлері жас жігітті ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартты. Әкімшілік соттың қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке қамалды», — деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тәртіп бұзушының «қыздардың астындағы» көлігі айып тұрағына қойылған. Жүргізушімен бірге жазаланған қыздар – 2000 және 2001 жылы туған. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 615-бабы 1-бөлігі («Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамауы») бойынша әкімшілік іс қозғалды.

[:]