АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұр-Сұлтанда спортсмен 4 жастағы қызды аяусыз ұрып тастаған[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтанда ер адам төрт жасар қызды айтқанын тыңдамағаны үшін қолмен және таяқпен аяусыз ұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға бір аптадан астам уақыт бұрын болған. Сол күні қыздың анасы Виктория үйіне қайтып келіп, аяусыз соғылған қызын көрген. Белгілі болғандай, бүлдіршінді әйел жарты жылдан бері кездесіп жүрген 46 жастағы спортсмен ұрып тастаған екен. Бұған дейін ер адам нақты қарым-қатынас жасағысы келетініне сендіріп, Викториядан оны бүлдіршінмен таныстыруды талап еткен.

 

Бірақ, ер адам қызды құлап қалды деп мәлімдеген.

«Ол құлап қалған жоқ. Содан кейін бала таяқпен, қолдарымен қалай ұрғанын, бәрін өзі айтып берді. Бұл — сұмдық. Мен бұған сене алмадым. Онымен қоса, полиция да бұл әрекетке мені айып отыр», — деді Виктория.

Кейін жәбір көрген кішкентай қыз ер адамның оны жасырын бұрышқа тұрғызғанын айтты. Викторияның өзі сұхбат беруден қорыққанын мойындады: жігіті оны қорқытып, баланы балалар үйіне жіберуді талап еткен. Бұл ұсыныстан бас тартқаннан кейін ер адам әйелді түрмеге отырғыза алатын байланысы бар екенін айтқан.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған.

«Бұл — 1974 жылы туған Нұр-Сұлтан тұрғыны. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті бойынша материалдар сотқа шешім шығару үшін жіберіледі», — деді елордалық ПД бөлімінің басшысы Госман Жакин.

Егер ер адамның кінәсін дәлелдесе, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Виктория болған оқиға үшін өзін кінәлайды, бірақ баланы аяусыз ұрып-соққан қылмыскер лайықты түрде жауап беруі үшін бәрін жасағысы келеді. Сонымен қатар, Виктория басқа әйелдердің, әсіресе жалғызбасты аналардың оның басынан өткен оқиғаны естіп, қателіктерін қайталамауын қалайды.

[:]